Бокс
25 қыркүйек 09:37

Чемпион ақыры Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жекке келісті

©instagram.com/janibek_alimkhanuly

Орта салмақта WBC титулына ие доминиканалық боксшы Карлос Адамес (24-1-1, 18 КО) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 КО) белбеу біріктіретін жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның айтуынша, келіссөздер аяқталуға жақын.

"Біз бұл жекпе-жекке ұзақ уақыт бойы ұмтылып келдік, келісімге келе алмадық, бірақ ол міндетті түрде өтеді. Бұл келесі жекпе-жегіміз болатыны анық – бұл мәселе шешілуге таяу", – деп береді Адаместің сөзін Boxing Studs Noticias X-парақшасы.

Бұған дейін Жәнібек пен Адамес 22 қарашада Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында жұдырықтасуға келісіп жатқаны туралы хабарланған еді.

Адамес соңғы жекпе-жегін 22 ақпанда Сауд Арабиясында өткізіп, британиялық Хамза Ширазбен (22-0-1, 18 КО) тең түсті. Бұл нәтиже Карлосқа өз титулын сақтап қалуға мүмкіндік берді.

Жәнібек Әлімханұлы соңғы рет 5 сәуірде Астанада жұдырықтасып, бесінші раундта франциялық Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 КО) нокаутқа түсіріп, WBO және IBF белбеулерін сәтті қорғап қалды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport