Бокс
4 шілде 2022 07:59

"Біздің кінә емес". Альварестің бапкері Головкинмен айқас туралы бар шындықты айтты

©boxingscene.com

Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) Дмитрий Биволмен (20-0, 11 КО) қарымта орнына Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) үшінші рет жұдырықтасуға мәжбүр. Бұл туралы мексикалықтың бапкері Эдди Рейносо айтып отыр, деп хабарлайды vRINGe.com

"Альварес өзін жақсы сезінеді, бірақ, жеңілген ешкімге ұнамайтыны түсінікті. Біздің міндет - жеңілісітен дұрыс сабақ алу. Осылай ғана өсе аласың. Биволмен қарымта? Бұл жекпе-жекті бәрі көргісі келеді. Біз де. Ол келесі қарсылас болмайтыны біздің кінә емес. Бұл компания талабы (DAZN туралы айтса керек). Әсер еткен фактор көп, бірақ, қайталап айтайын, біз реванш қалаймыз. 

Ал Головкинмен айқас басқа мәселе, өйткені бұл жеке басқа қатысты. Біз 24 раунд өткіздік. Ендігі айқас та осындай мықты болады деген ойдамын. Бұл да мен үшін жеке басқа қатысты болды, өйткені мексикалық Абель Санчеспен текетіресіміз бар еді. Алайда қазір ол Головкиннің командасында емес", - дейді Рейносо. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport