Қазақстандық Жан Кособуцкийді (14-0, 13 КО) жеңу үшін чехиялық Павел Соурға сұмдық бокс көрсету керек болады. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Чехияның белгілі ctsport.cz порталының журналисті Ладислав Юрчик осындай пікір білдірді.
"Павел - Чехияның ең мықты боксшыларының бірі. Еуропада да беделі бар. Тәжірибелі және тұрақты. Алайда Кособуцкиймен жекпе-жекте ол аутсайдер. Бұл жерде деңгей айырмашылығы үлкен.
Чехияда бокс мектебі жаман емес, бірақ, ол Қазақстандағы дайындықпен салыстыруға келмейді. Головкиннің ғаламат карьерасы, әуесқойда Олимпиада мен әлем чемпионаттарындағы жетістігі. Бұл жақсы дайындықсыз мүмкін емес. Біздің елдердегі бокс деңгейі екі түрлі. Лукаш Конечны мен Рудольф Краж кеткеннен кейін бізде ондай мықты боксшылар қалмады.
Мүмкін, Павел бірдеңе өзгертер. Ол тамаша боксшы. Дегенмен, жеңіс үшін оған сұмдық бірнәрсе көрсету керек", - дейді Юрчик.
Еске салайық, 12-раундты жекпе-жек 20 ақпан Гамбургте өтеді. Бұл кездесуде суперауыр салмақта WBA International белбеуі сарапқа салынады.