Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) Top Rank тұжырымынша биыл бірден ілгерлеген немесе жыл жетістігі ("Прорыв года") атағына ұсынылды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Промоутерлік компания орта салмақтағы қазақ боксшыны белгілеп, жанкүйерлерге ең мықтыны таңдауды ұсынды.
Еске салайық, Жәнібек 2021 жылы екі жекпе-жек өткізді - бұрынғы әлем чемпиондары Роб Брант (26-3, 18 КО) және франциялық Хассан Н'Дам Н'Жикаммен (38-6, 21 КО). Екеуін де сегізінші раундта нокаутпен жеңді. Енді ол WBO чемпионы америкалық Деметриус Андрадеге (31-0, 19 КО) міндетті қарсылас атанды.