"Бұзақы" өзбекті сұлатқан америкалық әйгілі мекискалықпен айқасады

© insider.com

Әлемнің бұрынғы чемпионы мексикалық Хильберто Рамирес (44-1, 30 КО) 18 наурызда америкалық Габриэль Росадомен (26-16-1, 15 КО) жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды DAZN.

Росадо қазақстандық бокс сүйер қауымға жақсы таныс, ол Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) пен Али Ахмедовтің (19-1, 14 КО) бұрынғы қарсыласы. 2013 жылы Головкин оны техникалық нокаутпен жеңді, ал 2022 жылы Ахмедов одан төрешілер шешімімен басым түскен. 

Сонымен қоса, Росадо 2021 жылы маусым айында "Бұзық" лақап атымен белгілі өзбек нокаутшы Бектемир Меликузиевті (11-1, 9 КО) үшінші раундта сұлатқан еді

Рамирес болса, қараша айында ресейлік Дмиртий Биволмен (21-0, 11 КО) жекпе-жекке шығып, төрешілер шешімімен жеңіліп қалды. Бұл мексикалықтың карьерасындағы алғашқы жеңіліс болды. 

Хильберто екінші орта салмақта WBO чемпионы болғанын айта кетейік.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport