Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) WBO ұйымының "уақытша" чемпионы атағы сарапқа салынатын кездесудің алдында тағы да мәлімдеме жасады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Күш арттыру, шыдамдылық пен жылдамдықты шыңдайтын жаттығуларға кірістік, бұйыртса келесі апта спарринг. Рингке 100% дайын болып шығу керек. Әлемге Қазақ стилін көрсетуге өте жақсы мүмкіндік туып тұр. Бұйыртса тарих жасаймыз!", - деп жазды боксшы әлеуметтік желісінде.
Еске салайық, алдағы кездесуді Әлімханұлының қарсыласы ұлыбританиялық боксшы Дэнни Дигнум (14-0-1, 8 КО) болады. Жекпе-жек 21 мамыр күні АҚШ жерінде өтеді.