Тамызда боксшы АҚШ-қа қайта барды, дегенмен, рингке қашан шығатыны әзірге белгісіз.
Жәнібек былтыр қарашадан бері жекпе-жек өткізбеді, оның да жоспарын пандемия бұзған еді. Жақында боксшы чемпиондық титул үшін жоғары салмаққа өтуге дайын екенін айтқан.
"2 аптада 26 раунд спарринг жасадық. Бұйыртса 64 раунд спарринг қалды. Жекпе-жекке дайындық жоғары деңгейде жүріп жатыр. Чемпиондық титулға жақындап қалдық. Бізге босаңсуға уақыт жоқ. Барымызды салып жатырмыз. Құдай қаласа, тарих жасаймыз. QAZAQ STYLE", - деп жазыпты боксшы instagram желісінде.