"Бұтыма жібере жаздадым". Ковалев британиялық боксшымен жекпе-жектегі шешуші сәтті атады

2 қыркүйек 2019 10:37
© sportbox.ru
Жартылай ауыр салмақта WBO чемпионы Сергей Ковалев британиялық Энтони Ярдпен жекпе-жек кезінде бапкері Бадди МакГирттің кездесуді тоқтатамын дегенде не сезінгенін айтып берді.

"Жекпе-жектен алып тастаймын, б#яха-муха". Бадди жекпе-жекті тоқтатып тастайды дегеннен қорқып, ары қарай жұдырықтасуға күш табылды. Адреналин көтеріліп кетті-ау, өйткені Бадди жекпе-жектен алып тастайды деп бұтыма жібере жаздадым", - деп жазыпты Ковалев Instagram желісінде. 

Мұның алдында Бадди МакГирт сегізінші раундтан кейін Энтони Ярдпен жекпе-жекті тоқтатуға дайын болғанын айтқан. Себебі ресейлік боксшы осы раундта тым көп соққы алды. Алайда 11-ші раундта Ковалев нокаутпен жеңді. 

Еске салайық, 36 жастағы Ковалев 38 жекпе-жегінің отызтөртінде жеңіске жетіп, чемпиондығын қорғап қалды.

"Альвраресті жеңбеске амалы жоқ". Ковалевтің бапкері "Канеломен" жекпе-жек жайлы
Жаңалықтар