Кеше WBA тамыз айының рейтингнін жариял, бұл тізімнен бірінші болған қазақстандық Головкин шығып қалған.
"Онымен ұйым президенті арасында келіспеушіліктер болғанға ұқсайды. Әдетте боксшының сіңірген еңбегі мен статистикасы енеді, бірақ, WBA-да емес. Бұл ұйымның жеке ережелері бар, оларды түсіну және түсіндіру қиын. Меніңше, WBA қазір бұрынғыдай әділ емес", - дейді Джей.
Қазіргі таңда WBA (Super) титулы мексикалық Сауль "Канело" Альваресте (52-2-1, 35 KO), ал WBA (Regular) белбеуі - жапониялық Риота Муратада (15-2, 12 KO). Қазір бұл ұйымның орта салмақ рейтингінде Дэниэл Джейкобс (35-3, 29 KO) бірінші тұр.
Еске салайық, Головкин WBA титулын 20 рет қорғап, соңғы жекпе-жегінде ғана "Канелодан" жеңілді. Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі 5 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Головкин орта салмақта IBF титулы үшін украиналық Сергей Деревянченкомен жұдырықтасады.