Бұрынғы чемпион "Канело" мен Головкин туралы пікір білдірді

©twitter.com/BoxingNewsED

Әлемнің бұрынғы чемпионы Вячеслав Сенченко мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) пен Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) арасындағы үшінші жекпе-жекке қатысты ойын айтты, деп хабарлайды fightnews.info.

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін украиналық боксшы трилогия өте ауыр өтеді деген ойда. 

"Головкин кейінгі айқасын нокаутпен аяқтады. Ол мықты әрі өте тәжірибелі боксшы. Альварес те өте тәжірибелі. Бұл екі мықтының стратегиялық, тактикалық айқасы болады, кім қаншалықты дайын дегендей. 

Бұл жекпе-жекте өте көп фактор шешуші болады. Бұл ешқайсына оңай айқас болмайды", - дейді Сенченко "Два Боковых" ютуб-арнасына берген сұхбатында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport