Бұрынғы чемпион "Канело" Головкинді қай раундта нокаутқа түсіретінін айтты
Төрт салмақ дәрежесі бойынша әлемнің экс чемпионы мексикалық Хуан Мануэль Маркес (56-7-1, 40 КО) "Канело" мен Головкин трилогиясында қазақстандық боксшы нокаутқа түсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"40 жастағы Головкин біраз уақыттан бері жоғары деңгейде жұдырықтасып келеді. Алайда Альвареспен өтетін айқаста ол нокаутқа түседі. Қазір Головкин бабын жоғалтып алған. Менің ойымша, Генаның стилі "Канелоға" лайық секілді. Себебі ол (ред. Головкин) шаршы алаңда үстемдік көрсете алатын былғары қолғап шебері. Егер Головкин жақын дистанцияда жұдырықтасса "Канело" үшін ыңғайлы болар еді. Ал бұл айқаста Сауль Альварес жеңіске жетеді. Шамамен сегізінші немесе тоғызыншы раундта Гена нокаутқа түседі", - дейді Маркес FIGHTER CHANNEL телеграм арансына берген сұхбатында.
Еске салайық, Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек қыркүйек айының 17 жұлдызы өтеді. Бұл "Канело" үшін әлемнің абсолют чемпионы атағын қорғайтын алғашқы кездесуі болмақ.
Жарнама