Аргентина астанасы Буэнос-Айрестегі Estadio F.A.B аренасында жергілікті Хонатан Хосе Эрнандес (14-1, 9 КО) пен венесуэлалық Эдди Колменарес (9-1-1, 9 КО) жартылай орта салмақта WBC Latino титулы үшін айқасты.
Бұл жекпе-жекте апсет болып, Колменарес өзінен тәжірибелі қарсыласын алтыншы раундта нокаутқа түсірді.
Өз елінде жұдырықтасқан Эрнандес үшін бұл карьерасындағы алғашқы жеңіліс болды.