Бұрын жеңілмеген боксшыны нокаутқа түсірген Нұрсұлтанов рейтингте жоғарлады

©RCC Boxing Promotions

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) рейтингін жаңартты. Жаңа тізімде орта салмақта өнер көрсететін Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11 КО) позициясын жақсартты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мейірім жетіншіден бір саты жоғарлап, алтыншы орынға жайғасыпты.

Кейінгі рет Нұрсұлтанов 15 сәуір жапониялық Кадзуто Такесакомен (15-1-1, 14 КО) жұдырықтасып, қарсыласын сегізінші раундта нокаутқа түсірген еді. Осылай қазақ боксшы WBO International белбеуін қорғап қалды, ал жапониялық боксшы карьерасында алғаш рет жеңілді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport