Халықаралық бокс қауымдастығы өзін әйел ретінде көрсеткен ер спортшыларды жариялады. Алдау фактілері генетикалық сынақтар арқылы анықталды.
Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) өзін әйелдер ретінде көрсететін бірнеше спортшыны анықтады, деп хабарлады IBA басшысы Умар Кремлев.
Оның айтуынша, әйелдер арасындағы жарыста ер спортшылар бақ сынамақ болған. Алдау фактілері генетикалық тест арқылы анықталып, Үндістанда өткен әлем чемпионатының финалисті Алжирден келген "критерийлерге сәйкес келмегендіктен" жарыстан шеттелген.
Кремлев бұл тақырып Нью-Делиде өткен әлем чемпионаты кезінде IBA директорлар кеңесінің отырысында талқыланғанын айтты.
"Бірнеше ДНҚ сараптамасының қорытындысы бойынша басқа спортшыларды алдамақ болып, өзін әйелмін деп көрсеткен спортшылар анықталды. Генетикалық сараптама нәтижесі бойынша оларда XY хромосомалары бар екені дәлелденді. Кейіннен бұл спортшылар жарыстан шеттелді", - деді бірлестік жетекшісі.
IBA 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алжирлік спортшы Иман Хелифті турнирге рұқсат беру критерийлеріне сәйкес келмегені үшін әлем чемпионатының финалынан шеттеткен болатын. Алжирлік БАҚ-қа сілтеме жасаған Insidethegames басылымы бұған Хелифтің денесінде тестостерон деңгейінің жоғарылауы себеп болғанын жазады.
Хелиф қазіргі Африка чемпионы және былтыр Стамбулда өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Токио Олимпиадасының қатысушысы.