"Бұлшық еті жыртылған". Каллум Смит "Канеломен" жекпе-жектің жартысын жарақатпен жұдырықтасқан

20 желтоқсан 2020 15:20
Каллум Смит. Сурет: twitter.com/Boxing_UK

Британиялық боксшы Каллум Смит (27-1, 19 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (54-1-2, 36 КО) қарсы жекпе-жектің жартысына жуығын қолының жарақатымен жұдырықтасқан,- деп хабарлайды Boxing UK. 

Паблик мәліметінше, боксшы бицепс бұлшықетін жыртып алған болса керек. Егер диагноз расталса, Смитті жеңіліп қалғаны үшін қатты сөгудің қажеті жоғы аталып өтіпті. 

Жаңалықтар