"Бұл сұмдық күрес". Головкин Альвареспен жекпе-жектер туралы

©Головкин - Альварес бірінші айқасының постері

Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (57-2-2, 39 КО) айқасқа теңеу жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Текетірестің жалғасы 17 қыркүйек Лас-Вегастағы T-Mobile Arena шаршы алаңында өтеді. 

"Эверестті бағындыру туралы айтайық. Әрдайым сен оның ең биік жер екенін, шың екенін білесің. Ең биік шың. Сен осы биікке үшінші рет көтерілесің. Бұл өте қиын, үздіксіз күрес екенін түсінесің. 

Әр секунд, әр раунд - сұмдық күрес. Бір жерде жылдам жүресің, ал бір жерде ол ауырлайды. Бірақ шыңға жетуге тырысасың... Сенің міндетің - жету", - дейді Головкин. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport