Бокс
15 қыркүйек 2022 07:49

"Бұл порнуханы ешкім көрмей қояды". Олимпиада чемпионы Головкин - "Канело" айқасы жайлы

©twitter.com/BoxingNewsED

Ресейлік кәсіпқой боксшы Егор Мехонцев қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес трилогиясына қатысты пікір білдірді.

"Екі төреші сол баяғы ма? Егер Головкин жақсы жұдырықтасса, Бивол сияқты, оған жеңісті береді. Әділ шешім болатын шығар, бұл өте жоғары деңгей. Егер тағы бір даулы шешім болса, бұл порнуханы енді ешкім көрмейді, "Канелоны" да ешкім қарамайтын болады. Жекпе-жек төрешілер шешімімен аяқталатын болар, өйткені олар бір-бірін жақсы біледі. Бұл біржақты айқас болмақ. Осы жолы Гена табандылық арқасында жеңеді деп ойлаймын, қалай дегенмен үшінші рет шығып отыр", - дейді Мехонцев "Чемпионат" порталына берген сұхбатында. 

Айта кетейік, 2012 жылғы Олимпиада финалында Мехонцев қазақстандық Әділбек Ниязымбетовпен тең түскен - 15:15 (3:4 5:4 7:7 раундтар бойынша). Алайда төрешілер жеңісті ресейлікке береді. Осылайша, Лондон ойындарында ол Ресейдің ерлер құрамасынан алтын алған жалғыз боксшы атанды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport