Бокс
Бүгін 10:51

Бұл не, мазақ па? 18 нокауты бар чемпионы Әлімханұлын айқасқа шақырды

©Тұрар Қазанғапов

Орта салмақта WBC чемпионы Карлос Адамес (25-1-1, 18 КО) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын (17-0, 12 КО) жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Адамес Әлімханұлына жекпе-жек өткізуді ұсынды

Доминикандық чемпион X әлеуметтік желісінде қазақстандық боксшының аккаунтын белгілеп, оған үндеу жасады.

Адамес Жәнібек Әлімханұлынан дәл қазір рингке шығуға дайынсың ба деп сұрап, көптен күткен жекпе-жекті өткізуді ұсынды.

"Эй, бойың енді тазарды ғой? Қазір жекпе-жек өткізгің келе ме? Дайынсың ба? Ендеше, жасайық", - деді Адамес.

Адамес Әлімханұлынан ұзақ уақыт бойы қашқақтап келді

Әлімханұлы мен Адаместің арасындағы текетірестің тарихы тереңде жатыр. Қазақстандық боксшы орта салмақта өнер көрсетіп, WBO және IBF чемпионы болғанда доминиканлықтытитул біріктіретін жекпе-жекке бірнеше рет шақырған. Алайда Адамес Жыланды тумасымен жекпе-жектен үнемі бас тартып келді.

Бұл кездесудіі ең жақсы мүмкіндігі 2025 жылдың күзінде туды. Жекпе-жекті ұйымдастыруға Сауд Арабиясының танымал инвесторы Турки Әл аш-Шейхтің өзі уәде берген болатын. Алайда Адамес ақырында кездесуден бас тартты. Бұл туралы Әл аш-Шейхтің өзі жария түрде мәлімдеп, нәтижесінде келіссөз еш нәтижесіз аяқталды.

Әлімханұлы салмақ дәрежесін ауыстырды

Енді жағдай өзгерді: Әлімханұлының дисквалификация мерзімі аяқталғаннан кейін орта салмақтағы WBO титулын босатып, екінші орта дивизионға көтерілді.

Ал Адамес әлі де орта салмақта WBC титулының иегері. Доминиканалық боксшының кәсіпқой карьерасында 25 жеңіске жетіп, бір жеңілді жәнебір мәртетең түсті. Ол 18 жеңісін нокаутпен аяқтаған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport