Бокс
10 қаңтар 2021 16:21

"Бұл менің өмірім". Жәнібек Әлімханұлы бала кезінде далада жұдырықтасып жүрген суретін көрсетті

Сурет: boxing-social.com

Орта салмақтағы қазақстандық проспект Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) бокс жай ғана жұмыс немесе хобби емес екенін айтады, - деп хабарлайды Vesti.kz

Спортшы твиттер желісінде ол бала кезінде далада жұдырықтасып жүрген суретін жариялады. 

"Бокс мен үшін хобби немесе жұмыс емес. Бокс - бұл менің өмірім", - деп жазыпты Жәнібек.