Аңызға айналған америкалық боксшы Майк Тайсон екінші орта салмақта абсолют чемпион Сауль Канело Альваресті (60-2-2, 39 КО) қатты сынады, деп жазады Vesti.kz.
Бұған себеп Альварестің америкалық Давид Бенавидеспен (28-0, 24 КО) жекпе-жектен бас тартуы болды. Мекискалыққа бұл айқас үшін 60 миллион гонорар ұсынылған еді.
"Құлағыма сенер емеспін. Канело Бенавидеспен шықпау үшін 60 миллион доллардан бас тартты. Канеломен не дұрыс емес? Ол жеңілуден қорқа ма? Бәрі көргісі келетін жекпе-жекті көпшілікке тарту еткісі келмей ме? Альварес сен мексикалық ұлы чемпиондардың мұрасын құрметтемейсің, олар ақшаға да қарамай ең мықтылармен айқасты. Бұл бокс пен Мексика үшін масқара. Саульдің орнында болсам, Бенавидеспен шығып, кім мықты екенін әлемге паш етер едім. Бірақ бұған Канелоның батылы жетпеген сияқты. Бұл масқара! Оның таланты мол, бірақ жігері жоқ", - деп береді Тайсонның сөзін Marca.