Бұл қазақтар чемпион боларына күмәнім жоқ - Сауль "Канело" Альварес

©Fightnews.info

Суперорта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) өзінің жаттығу лагерінде жүрген қазақ боксшыларды мақтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Канелоға" ресейлік Дмитрий Биволға (19-0, 11 КО) қарсы жекпе-жекке дайындалуға Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) көмектесті. Сонымен қоса, мексикалықтың лагерінде өзге де қазақстандықтар бар - Евгений Павлов, Бек Нұрмағанбет, Данил Семенов, Абылайхан Жүсіпов пен Әбілхан Аманқұл.

"Қазақстанда жақсы боксшылар көп. Бір-екі апта бұрын біздің лагерге бірнеше қазақстандық боксшы қосылды. Өте мықты боксшылар, Қазақстанды осындай спортшылары бар екенімен құттықтаймын, жалпы Қазақстан мықты боксшылары бар жақсы ел. Сіздердің елге міндетті түрде барғым келеді. Бұл қазақтар жуырда чемпион болады, бұған күмәнім жоқ. Алға, Қазақстан", - деді Альваерс. 

Әйгілі промоутер "Канело" үшін ең қауіпті қазақ боксшыны атады

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар