Бұл қалай? Қазақстандық боксшы қарсыласын екі рет нокдаунға түсіргенімен жеңілді
©Видеодан скрин
2021 жылғы Азия чемпионы қазақстандық Римма Волосенко Амманда өтіп жатқан биылғы Азия біріншілігінде жекпе-жекке шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.
2021 жылғы Азия чемпионы қазақстандық Римма Волосенко Амманда өтіп жатқан биылғы Азия біріншілігінде жекпе-жекке шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық боксшы жарысты 1/4 финалдан бастап, 60 келі салмақта моңғолиялық Номин-Эрдене Тугсжаргалмен айқасты. Төрешілердің бөлек шешімімен моңғолиялық боксшы жеңіп кетті. Алайда бұл шешім даулы болып тұр.
Волосенко қарсыласын екі рет нокдаунға түсірген болатын. Бірақ сонда да жеңісті қарсыласына берді.
Жарнама