Бокс
23 ақпан 2018 09:29
 
Бұл жолы төрешілердің шешіміне бас қатырмаймыз - Головкин "Канеломен" кездесуі жайлы

  Пікірлер

blog.share

Бұл жолы төрешілердің шешіміне бас қатырмаймыз - Головкин "Канеломен" кездесуі жайлы © Тұрар Қазанғапов

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен екінші кездесу өтетін орынды таңдауға қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Айта кетейік, 5 мамырға белгіленген реванш матч Лас-Вегаста T-Mobile аренасында өтеді.

"Реванштың қайтадан сол жерде өтетіні дұрыс болды. Бұл жолы судьялардың шешіміне бас қатырмаймыз. Мен бірінші жекпе-жекте жеңіске жеттім, рингтен барлық белбеуі бар әлем чемпионы ретінде кеттім. Екінші жекпе-жекте де жеңіске жететін ойым бар. Бұл рекордтық жекпе-жек болады", - деді Головкин.

Өз кезегінде Альварес осы тарихи жекпе-жекті өткізуі үшін T-Mobile аренасына төртінші рет қайтып оралуға қуанышты екенін айтады.

"Мен бокс тарихы үшін осы аренаға келдім, мұнымен қоса, бұл арена менің сүйікті алаңыма айналды. Осында барлығы да басталды және енді барлығы аяқталады. Головкинді нокаутқа түсіремін", - деді Альварес.

Еске салайық, Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өткен болатын. 12 раундқа созылған жекпе-жек тең есеппен аяқталған еді.

Сондай-ақ, Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының мәліметінше, жекпе-жектің билеттері 27 ақпаннан бастап сатылымға шығады. Бағасы 300 - 5 000 доллар аралығында.

Жарнама

Живи спортом!