"Бұл естен адасу". АҚШ журналисті Голвкин - Канело айқасы жайлы шындықты айтты
Бокс туралы жазатын америкалық белгілі журналист Майкл Монтеро қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Канело Альварес арасындағы даулы жекпе-жекті есіне алды, деп жазады Vesti.kz.
Бокс туралы жазатын америкалық белгілі журналист Майкл Монтеро қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Канело Альварес арасындағы даулы жекпе-жекті есіне алды, деп жазады Vesti.kz.
2017 жылдың қыркүйегінде Лас-Вегастағы айқаста көпшілік GGG жеңді дегенімен, төрешілер тең есеп көрсетті. Оның ішінде Аделаида Берд 118-110 есебімен Альварес жеңді деп көрсеткені үлкен шу болды.
"Головкин бірінші айқаста Канелоны жеңді. Мейвезерден кейін Канело сол кезде екінші рет жеңілді. Головкиннің ақысын жеп кеткендері өкінішті", - деп жазыпты Ray Bama деген твиттер пайдаланушысы. Оған Монтеро былай деп жауап жазды:
"Төрешілердің шешімі айтылғанда менің жағым салбырап қалды, әсіресе бокс тарихындағы ең нашар қазының шешімін естігенде. Бұл естен адасу".
Жарнама