Халықаралық World Boxing ұйымы Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатында жарқын өнер көрсеткен қазақстандық боксшылар Махмұт пен Торехан Сабырхандардың жетістіктерін ерекше атап өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
World Boxing ұйымы алғаш рет өткізіп жатқан бұл турнир 14 қыркүйекте аяқталады.
Ұйымның ресми әлеуметтік желілерінде мынадай жазба жарияланды:"Бокс - отбасылық кәсіп болғанда.
Ағайынды Сабырхандар әлем чемпионатында жарқырап көзге түсті: екеуі де жартылай финалға шығып, жүлдеге жетіп отыр. Бұл екеуі үшін бұғау жоқ - солай емес пе?".
Қазақстан құрамасынан сегіз спортшы жартылай финалға өтті - бес бұрымды, ерлереден үшеу. Олардың барлығы кем дегенде қола жүлдеге жетіп отыр. Тағы екі боксшы - Назым Қызайбай (48 кг) мен Санжар Ташкенбай (50 кг) ширек финалдық жекпе-жектерін 12 қыркүйекте өткізеді.
Әлем чемпионатының жартылай финалындағы қазақстандық боксшылардың жекпе-жек кестесі:12 қыркүйек
19:00 — 60 кг: Виктория Графеева — Ребека Де Лима Сантос (Бразилия)
22:30 — 65 кг: Аида Әбікенова — Грэйнн Мэри Уолш (Ирландия)
23:15 — +80 кг: Елдана Тәліпова — Агата Качмарска (Польша)
01:15 — +90 кг: Айбек Оралбай — Хулио Сезар Ла Крус (Куба)
13 қыркүйек
18:00 — 55 кг: Махмұт Сабырхан — Лю Чуань (Қытай)
22:15 — 51 кг: Алуа Балқыбекова — Ци Синью (Қытай)
22:45 — 70 кг: Төрехан Сабырхан — Одел Камара (Англия)
23:15 — 70 кг: Наталья Богданова — Шантель Рид (Англия).