Бокс
9 қыркүйек 19:32

Бүктеліп түсті. Махмұттың айқасы 30 секундта ауыр нокаутпен бітті

©ҚБф

Қазақстандық боксшы Махмұт Сабырхан 2025 жылғы әлем чемпионатындағы екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/8 финалда ол Косово боксшысы Башким Бажокумен кездесті.

Жекпе-жектің небәрі 30-секундында Сабырхан қарсыласын ауыр нокаутқа түсіріп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. Бажоку орнынан өз күшімен тұра алмай, оған дәрігерлер көмектесті.

Осылайша, Махмұт Сабырхан жарыстың ширек финалына жолдама алды. Келесі айналымда ол Нидерланд елінің боксшысы Киян Тервинт пен Жапониялық Руи Ямагучи арасындағы жеңімпазбен кездеседі.

Еске салайық, 1/16 финалда Сабырхан Мексика боксшысы Брайан Ортисті жеңген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport