Бокс
7 қараша 13:03

Бүктеліп тұра алмады! Титулды айқас бір соққымен бітті

©Ресейдің бокс федерациясы

WBA ұйымының бірінші орта салмақ рейтингінде екінші орында тұрған ресейлік боксшы Павел Сосулин (14-0, 8 КО) испаниялық Хорхе Фортеаны (25-6-1, 10 КО) нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Олардың жекпе-жегі Ресейдің Самара қаласында өткен бокс кешінің басты оқиғасы болды. Айқастың шешуші сәті екінші болды: Сосулин қарсыласының денесіне оң қолымен ауыр соққы жасап, Фортеа одан рингтің төсенішіне құлап, рефери санағын аяқтағанша орнынан тұра алмады.

Осылайша, Сосулин бірінші орта салмақтағы IBA.PRO Intercontinental белбеуін қорғап қалды. 28 жастағы ресейлік үшін бұл карьерасындағы 14-ші жеңіс болды, оның сегізі нокаутпен аяқталған.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport