Бүкіл Мексиканың арманы. "Канело" Олимпиадаға қатысу жайлы мәлімдеме жасады

Сурет: Eurosport
Кәсіпқой бокста төрт салмақта әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) 2021 жылы өтетін Олимпиадаға қатысу туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды vRINGe.com.

2016 жылғы Олимпиада қарсаңында Әуесқой бокстың халықаралық федерациясы (AIBA) турнирге кәсіпқой боксшылардың қатысуына рұқсат беру туралы шешім қабылдаған еді. Ал Мексикада Альварестің 2021 жылғы Олимпиадаға қатысып, алтын жеңіп алуын қалайтындар көп. 

"Олимпиадаға қатысқым келсе, кәсіпқойға өтпес едім, әлем чемпионы атанып, бұл спорттың бігіне көтерілмес едім. Құдайдың арқасында осыған жеттім. Олимпиада алтынын басты арманы, мақсат еткен боксшылар көп екенін ұмытпаңыздар. Жас боксшылардың арманын ұрлай алмаймын. Бұл әділетсіз болады", - дейді "Канело".
Жаңалықтар