2016 жылғы Олимпиада қарсаңында Әуесқой бокстың халықаралық федерациясы (AIBA) турнирге кәсіпқой боксшылардың қатысуына рұқсат беру туралы шешім қабылдаған еді. Ал Мексикада Альварестің 2021 жылғы Олимпиадаға қатысып, алтын жеңіп алуын қалайтындар көп.
"Олимпиадаға қатысқым келсе, кәсіпқойға өтпес едім, әлем чемпионы атанып, бұл спорттың бігіне көтерілмес едім. Құдайдың арқасында осыған жеттім. Олимпиада алтынын басты арманы, мақсат еткен боксшылар көп екенін ұмытпаңыздар. Жас боксшылардың арманын ұрлай алмаймын. Бұл әділетсіз болады", - дейді "Канело".