Бокс
Бүгін 09:45
 

Бүгін Төрехан мен Айбек алтынға айқасады: бір финал Өзбекстанмен

  Пікірлер

blog.share

Бүгін Төрехан мен Айбек алтынға айқасады: бір финал Өзбекстанмен ©ҚБФ

Бүгін, 2 қазанда Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарында бокс турнирінің финалдық жекпе-жектері өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Бүгін, 2 қазанда Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарында бокс турнирінің финалдық жекпе-жектері өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан атынан шешуші айқасқа Төрехан Сабырхан (70 келі) және команда капитаны Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) өнер көрсетеді.

Сабырхан алтын үшін иорданиялық Зияд Ишаишпен жұдырықтасады. Оның жекпе-жегі таңғы сессия аясындағы бесінші жұпта өтеді. Төрехан Қазақстан уақытымен шамамен 10:00-де рингке шығады.

Оралбай алтын жүлде үшін Өзбекстан боксшысы Жахонгир Зокировпен кездеседі. Бұл жекпе-жек те бесінші жұпта, алайда күндізгі сессия аясында өтеді. Алғашқы гонг шамамен 14:30-да соғылады.

Бокс жекпе-жектерін Qazaqstan телеарнасынан және телеарнаның сайтынан тікелей эфирде көруге болады. Таңғы сессияның трансляциясы Қазақстан уақытымен 08:55-те, ал күндізгі сессия 13:25-те басталады.

Еске салайық, бұл Азия ойындарына Қазақстан ерлер менбұрымдыларды қоса алғанда он боксшымен келді. Екі финалисттен бөлек, тағы үш боксшы жүлдеге ие болды: Махмұт Сабырхан (55 келі), Алуа Балқыбекова (51 келі) және Наталья Богданова (75 келі) - үшеуі де қола жүлдегер атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!