Бокс
19 қазан 11:06
 

Бүгін ширек финалдық жекпе-жектер басталады: тікелей трансляция

  Пікірлер

blog.share

Бүгін ширек финалдық жекпе-жектер басталады: тікелей трансляция ©ҚБФ

Бүгін, 19 қазан күні, Семей қаласында бокстан Қазақстан чемпионатының ширек финалдық жекпе-жектері өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Бүгін, 19 қазан күні, Семей қаласында бокстан Қазақстан чемпионатының ширек финалдық жекпе-жектері өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Рингке ұлттық құрама мүшелері — Серік Теміржанов, Абылайхан Жүсіпов, Диас Молжігітов, Теміртас Жүсіпов, Сағындық Төғамбай, Сәкен Бибосынов және басқа да белгілі былғары қолғап шеберлері шығады. Бұл спортшылар бұған дейін де ел намысын ірі халықаралық турнирлерде абыроймен қорғаған.

Күндізгі сессия Астана уақытымен 14:00-де, ал кешкі сессия 18:00-де басталады.

Жекпе-жектердің тікелей трансляциясын Qazsport арнасы көрсетеді, сондай-ақ эфирді арнаның ресми сайтынан да көруге болады.

Айта кетейік, Қазақстан чемпионаты 15 қазанда басталып, 21 қазан күні өз мәресіне жетеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!