Бокс
1 тамыз 12:12

Бүгін Олимпиадада үш қазақ боксшы жекпе-жекке шығады

©Gov.kz

Бүгін, 1 тамызда Париждегі Олимпиада ойындарында қазақстандық боксшылар Айбек Оралбай, Назым Қызайбай мен Мұхаммедсабыр Базарбайұлы рингке шығады. 

50 келіде өнер көрсететін Назым 1/8 финалдағы алғашқы жекпе-жегін бразилиялық Каролин Барбоза де Алмейдаға қарсы өткізеді. Тікелей трансляция 18:30-да басталады, көрсетілім "Ел Арнада" қолжетімді.

Ал 20:54-те рингке 92 келіде өнер көрсететін Айбек шығады. Оның қарсыласы Әзірбайжан атынан өнер көрсететін кубалық Лорен Альфонсо Домингес. Бұл жекпе-жекті де "Ел Арнадан" тамашалауға болады.  

63,5 келідегі Мұхаммедсабыр грузиялық тәжірибелі боксшы Лаша Гурулимен жұдырықтасады. 00:36-да басталатын бұл айқасты да "Ел Арна" тікелей көрсетеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport