Бүгін, 12 қыркүйек Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Рингке алты қазақстандық спортшы шығады - төртеуі жартылай финалда, екеуі ширек финалда жұдырықтасады. Финалға жолдама үшін Виктория Графеева, Аида Әбікеева, Елдана Тәліпова және Айбек Оралбай бақ сынайды. Ал Назым Қызайбай мен Санжар Тәшкенбай ширек финалға қатысады.
Жекпе-жектер күндізгі (басталуы — 16:00) және кешкі (22:00) сессияларда өтеді. Боксшылардың кездесулері Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Қазақстан боксшыларының жекпе-жектерін қай уақытта және қайдан көруге болады?
Күндізгі сессия (Қазақстан уақытымен 16:00-де басталады):
Әйелдер, 48 кг, 1/4 финал: Назым Қызайбай - Анна Охота (Украина), жұп №1
Ерлер, 50 кг, 1/4 финал: Санжар Тәшкенбай - Жадумани Сингх Манденгбам (Үндістан), жұп №6
Әйелдер, 60 кг, 1/2 финал: Виктория Графеева - Ребека Де Лима Сантос (Бразилия), жұп №13
Кешкі сессия (Қазақстан уақытымен 22:00-де басталады):
Әйелдер, 65 кг, 1/2 финал: Аида Әбікеева — Грэйнн Мэри Уолш (Ирландия), жұп №3
Әйелдер, +80 кг, 1/2 финал: Елдана Тәліпова — Агата Качмарска (Польша), жұп №6
Ерлер, +90 кг, 1/2 финал: Айбек Оралбай — Хулио Сезар Ла Крус (Куба), жұп №14
Айта кетейік, бұл әлем чемпионаты алғаш рет жаңа World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен өтіп жатыр. Турнир 4 қыркүйекте басталды және 14 қыркүйекке дейін жалғасады.
Жарнама