Бүгін, 9 сәуірде Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда бокстан Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектері өтеді. Рингте Қазақстанның әйелдер құрамасы өнер көрсетеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Турнирдің алтын жүлдесі үшін Қазақстанның үш бұрымдысы сынға түседі: Бақыт Сейдіш (70 келіге дейін), Надежда Рябец (80 келіге дейін) және Дина Исламбекова (80 келіден жоғары).
Сейдіш пен Исламбекова Үндістан боксшылары – Арундхати Чоудхари мен Алфия Пазанға қарсы шығады. Ал Рябец Өзбекстан спортшысы Рухшона Парпиевамен жұдырықтасады.
7-жұп. Әйелдер, 70 келі. Бақыт Сейдіш – Арундхати Чоудхари (Үндістан);
9-жұп. Әйелдер, 80 келі. Надежда Рябец – Рухшона Парпиева (Өзбекстан);
10-жұп. Әйелдер, 80 келіден жоғары. Дина Исламбекова – Алфия Пазан (Үндістан).
Жекпе-жектердің тікелей трансляциясы Qazsport телеарнасында, сондай-ақ, арнаның ресми сайтында көрсетіледі. Басталуы – 10:00.
Ертең, 10 сәуірде, ерлер арасындағы финалдық айқастар өтеді. Қазақстан құрамасынан рингке бес боксшы шығады: Оразбек Асылқұлов (60 келіге дейін), Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін), Сабыржан Аққалықов (75 келіге дейін), Нұрбек Оралбай (85 келіге дейін) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары).