Бүгін финалға шыққан екі боксшымыз да алтын жеңіп алды

©ҚБФ

Бүгін, 25 қаңтарда Азия чемпионатының бұрымдылар арасында финалдық айқастары өтіп жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бангкокта өтіп жатқан 22 жасқа дейінгілер арасындағы турнирдің шешуші айқасында екі боксшымыз рингке шықты. Мұның алдындағы тоғызыншы жұпта жұдырықтасқан Жасмин Қизатова (70 келі) Қазақстанның бірінші алтынын жеңіп алды. 

Ал ең соңғы 11-жұпта шыққан 81 келідегі Гүлсая Ержан таиландтық Порннипа Чутиден төрешілердің бөлек шешімімен басым түсті - 29:28, 30:27, 26:30, 27:30 және 29:28. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport