Бүгін, 11 наурызда Сербияның Нише қаласында өтіп жатқан әйеледр арасындағы бокстан әлем чемпионатының үшінші жарыс күні басталады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бүгін рингке Қаззақстан атынан алты боксшы шығады. Күндізгі сессияда (басталуы Қазақстан уақытымен 18:00) рингке Алуа Балқыбекова, Виктория Графеева және Аида Әбікеева шығады.
- 50 келіге дейін: Алуа Балқыбекова – Ясмин Мутаки (Марокко)
- 60 келіге дейін: Виктория Графеева – София Легаки (Грекия)
- 63 келіге дейін: Аида Әбікеева – Чжао Шоюй (Қытай).
Өзге үш боксшымыз 22:00--де басталатын кешкі сессияда өнер көрсетеді:
- 54 келіге дейін: Жайна Шекербекова – Жанет Алонсо (Мексика)
- 66 келіге дейін: Жасмин Кизатова – Ивануса Гомес (Кабо-Верде)
- 81 келіге дейін: Гүлсая Ержан – Вансяо Мэн (Қытай).
Жарнама