Бүгін, 2 желтоқсан Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан атынан рингке бұрымды боксшылар шығады.
1/8 финалдық айқасын өткізуге рингке алғашқы болып 50 келідегі Алуа Балқыбекова шығады. Қарыслас таиландтық Чутхамат Раксат болады. Бұл бүгінгі жарыс күініндегі алтыншы жұп.
Ал оныншы жұпта 57 келіде Ұлжан Сәрсенбек украиналық Карина Вовкпен ширек финалға жолдаманы сарапқа салады.
Жарыс күні Астана уақытымен 12:00-де басталады.
Еске салайық, ерлер арасында үш қазақ боксшы жарысты сәтті бастады: Дулат Бекбауов (67 келі), Оразбек Асылқұлов (57 келі) және Бейбарыс Жексен (60 келі) ширек фианлға өтті.