Бүгін, 30 қыркүйекте Қазақстан құрамасының төрт боксшысы 2026 жылғы Азия ойындарында жартылай финалдық жекпе-жектерін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жартылай финал
09:15. 51 келі: Алуа Балқыбекова - Нгуен Тхи Там (Вьетнам);
10:15. 75 келі: Наталья Богданова - Ловлина Боргохаин (Үндістан);
10:30. 55 келі: Махмұт Сабырхан - Карло Паалам (Филиппин);
11:00. 70 келі: Төрехан Сабырхан - Шавкатджон Болтаев (Өзбекстан).
Жекпе-жектерді Qazaqstan телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляцияны арнаның ресми сайтынан да көруге болады.
Айти мен Нагояда өтіп жатқан Азия ойындарындағы бокс жарыстары 21 қыркүйекте басталып, 2 қазанға дейін жалғасады.