Бүгін, 25 қыркүйекте XX жазғы Азия ойындарындағы бокс турнирінде рингке Қазақстанның екі боксшысы шығады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұрымдылар арасындағы жарыста Назым Қызайбай рингке шығады. 54 келіге дейінгі салмақтағы 1/8 финалда ол Қытай боксшысы Сюань Чжаомен кездеседі. Жекпе-жек Қазақстан уақытымен 13:00-де басталады.
14:00-де ерлер арасындағы бокс турнирінде Оразбек Асылқұлов рингке шығады. 60 келіге дейінгі салмақтағы 1/8 финалда ол Оңтүстік Корея боксшысы Дон Хван Чанға қарсы жұдырықтасады.
Жекпе-жектерді Qazsport телеарнасы мен арнаның ресми сайты тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция Қазақстан уақытымен 12:55-те басталады.
Еске салайық, 2026 жылғы жазғы Азия ойындары 21 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатыр.
Жарнама