Бүгін, 16 маусымда Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының екінші кезеңінде Қазақстан құрамасының алты боксшысы рингке шығады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Таңғы сессия (Қазақстан уақыты бойынша 08:00)
2-жұп. 65 кг дейін. 1/16 финал. B рингі
Санатәлі Төлтаев — Малик Хасанов (Әзербайжан)
6-жұп. 75 кг дейін. 1/8 финал. B рингі
Тимур Нұрсейітов — Тадхг О'Доннелл (Ирландия)
Күндізгі сессия (Қазақстан уақыты бойынша 13:00)
4-жұп. 55 кг дейін. 1/16 финал. А рингі
Тимур Қабдешов — Келви Триндад (Бразилия)
8-жұп. 54 кг дейін. 1/8 финал. А рингі
Назым Қызайбай — Им Э Джи (Оңтүстік Корея, Париж-2024 Олимпиадасының қола жүлдегері)
Кешкі сессия (Қазақстан уақыты бойынша 17:00)
1-жұп. 70 кг дейін. 1/8 финал. А рингі
Лаура Есенгелді — Дуния Мартинес Мас (Испания)
7-жұп. 90 кг дейін. Ширек финал. А рингі
Нұрбек Оралбай — Турабек Хабибуллаев (Өзбекстан, әлем чемпионы).
А және B рингтерінде өтетін барлық кездесулер World Boxing ұйымының ресми YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.
Айбек Оралбай ердер құрамасының, ал Назым Қызайбай бұрымдылар құрамасының каптаны екенін айта кетейік.
А рингі