Бокс
Бүгін 11:56
 

Бүгін әлем чемпионатында төрт мықты боксшымыз айқасқа түседі

  Пікірлер

blog.share

Бүгін әлем чемпионатында төрт мықты боксшымыз айқасқа түседі © Instagram/boxingkazakhstan

Бүгін, 6 желтоқсан IBA Дубайда (БАӘ) өткізіп жатқан бокстан әлем чемпионатында төрт қазақстандық боксшының жекпе-жектері өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Бүгін, 6 желтоқсан IBA Дубайда (БАӘ) өткізіп жатқан бокстан әлем чемпионатында төрт қазақстандық боксшының жекпе-жектері өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан уақытымен 18:00-де басталатын күндізгі сессияда рингке Сабыржан Аққалықов (75 кг) шығады. Оның Сейшел аралдарының боксшысы Джошуа Аарон Кузинге қарсы жекпе-жегі шамамен 20:45-те басталады.

Кешкі сессия 22:00-де басталады. Бұл бөлікте Даниял Сабит (51 кг), Сәкен Бибосынов (54 кг) және Серік Теміржанов (60 кг) өнер көрсетеді.

22:30-ға қарай Сабит пен Бибосынов өз жекпе-жектерін бастайды: Даниял Кения өкілі Кельвин Майнамен кездессе, Сәкен басқа рингте Ботсвана боксшысы Катлего Кеорапецемен қолғап түйістіреді.

Казақстандықтардың сессияны аяқтайтын соңғы боксшысы - Серік Теміржанов. Оның Моңғолия спортшысы Цэндбаатар Эрдэнэбатпен жекпе-жегі шамамен 00:15-ке жоспарланған.

Жекпе-жектердің тікелей көрсетілімдерін мына сілтеме арқылы тамашалай аласыз.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!