Бокс
Бүгін 12:47
 

Бүгін әлем чемпионатында Қазақстандық үш боксшы айқасқа түседі

  Пікірлер

blog.share

Бүгін әлем чемпионатында Қазақстандық үш боксшы айқасқа түседі ©ҚБФ

Бүгін, 5 желтоқсан Дубайда (БАӘ) IBA өткізіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Қазақстанның үш боксшысы рингке шығады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Бүгін, 5 желтоқсан Дубайда (БАӘ) IBA өткізіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Қазақстанның үш боксшысы рингке шығады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бүгін әлем біріншілігінде Санатәлі Төлтаев (67 кг), Ерасыл Жәкпеков (80 кг) және Дәулет Төлемісов (86 кг) өз жекпе-жектерін өткізеді.

Төлтаев күндізгі сессияда (басталуы 18:00) Замбия боксшысы Жеральд Кибиндамен кездеседі. 1/8 финалға жолдама беретін бұл жекпе-жек A рингінде жетінші жұпта өтеді.

Жәкпеков пен Төлемісов 1/16 финалда кешкі сессияда шаршы алаңға шығады (басталуы 22:00).

Жақпеков A рингіндегі алтыншы жұпта Буркина-Фасо боксшысы Зуграна Эбенезермен кездеседі. Төлемісовтің қарсыласы - бразилиялық Сюза Рамон Ботагелло. Олардың жекпе-жегі A рингіндегі 11-жұпта өтеді.

Жекпе-жектердің тікелей трансляциясын мына жерден тамашалай аласыз.

Айта кетейік, кеше 92 келіде өнер көрсететін Нурмагамед Юсупов Тәжікстан боксшысы Навруз Джафоевті бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!