Бүгін, 8 желтоқсанда жеті қазақстандық боксшы IBA Дубайда (БАӘ) өтізіп жатқан әлем чемпионатында рингке шығады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Олар – Санатәлі Төлтаев, Ерасыл Жәкпеков, Нурмагамед Юсупов, Нұрлан Сапарбай, Теміртас Жүсіпов, Сабыржан Аққалыков және Серік Теміржанов.
Күндізгі сессия (Астана уақытымен 18:00 басталады)
67 кг. Санатәлі Төлтаев – Касио Сантос Оливейра (Бразилия)
80 кг. Ерасыл Жәкпеков – Джамбулат Бижамов (Ресей)
92 кг. Нурмагамед Юсупов – Энмануэль Рейес Пла (Испания)
+92 кг. Нұрлан Сапарбай – Иман Раамезанпурделвар (IBA-PRO)
Кешкі сессия (22:00 бастап)
48 кг. Теміртас Жүсіпов – Девендра Сингх Соланки (Үндістан)
60 кг. Серік Теміржанов – Эндрю Чилата (Замбия)
75 кг. Сабыржан Аққалыков – Таухиримати Тохерири-Халлетт (Жаңа Зеландия)
Жекпе-жектердің тікелей трансляциясы мына жерден тамашалуға болады.
Әлем чемпионаты 13 желтоқсанға дейін өтеді. Турнир жеңімпаздары 300 000 доллар, күміс жүлдегерлер 150 000 доллар, қола жүлдегерлер 75 000 доллар, ал ширек финалға шыққан боксшылар 10 000 доллар алады.