Бүгін, 8 қыркүйекте World Boxing ұйымы Ливерпулде (Англия) өткізіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының бірден жеті боксшысы рингке шығады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Күндізгі сессия (Астана уақытымен 16:00-де басталады):5-жұп (А рингі). Әйелдер, 80 кг дейін, 1/8 финал. Гүлсая Ержан — Ивета Лесинските (Литва)
7-жұп (B рингі). Ерлер, 70 кг дейін, 1/8 финал. Төрехан Сабырхан — Финн Роберт Бос (Нидерланды)
11-жұп (B рингі). Ерлер, 90 кг дейін, 1/8 финал. Сағындық Тоғамбай — Джек Майкл Марли (Ирландия)
3-жұп (А рингі). Әйелдер, 65 кг дейін, 1/8 финал. Аида Әбікеева — Сук Ён Кан (Оңтүстік Корея)
6-жұп (А рингі). Ерлер, 60 кг дейін, 1/8 финал. Бейбарыс Жексен — Сачин (Үндістан)
12-жұп (B рингі). Ерлер, 75 кг дейін, 1/8 финал. Сабыржан Аққалықов — Павел Иллюша (Украина)
16-жұп (B рингі). Ерлер, 90 келіден жоғары, 1/8 финал. Айбек Оралбай — Ильяс Мүжахит (Түркия)
Барлық жекпе-жектерді Qazsport арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі, трансляцияны телеарнаның ресми сайтынан тамашалуға болады.