Александр Усик (19-0, 13 КО) ұлыбританиялық былғары қолғап шебері Этони Джошуамен (24-2, 22 КО) өтетін екінші айқасында алғашқы жекпе-жекке қарағанда екі есе мықты болып келетіндігін мәлімдеді.
"Мен екінші кездесуімде бұдан да мықты болып оралуым керек. Қарымта жекпе-жектің ертерек болғанын күтіп жүрмін. Тіпті дайындығың жоғары деңгейде болып тұрса да, іштей әлі де жылдамдықты қосуға болатынын сезіп тұрасың. Ол үшін оқу-жаттығу жиындарынан бастап дайындықты екі есе күшейтуім керек", - дейді Усик DAZN эфиріне берген сұхбатында.
Еске салайық, Энтони Джошуа мен Александр Усик Лондон төрінде кездесіп, 12 раундтың нәтижесі бойынша украиналық спортшы WBA, IBF, WBO және IBO белбеулерін иеленді.