Бокс
1 шілде 2021 11:23

"Біріншісінде құлап қалма...". Чемпионды айқасқа шақырған Жәнібек Әлімханұлы қай раундта нокаут болатынын айтты

Сурет: instagram.com/janibek_alimkhanuly/

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) орта салмақта WBO чемпионы америкалық Деметриус Андрадені (30-0, 18 КО) жекпе-жекке тағы шақырды, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Андраде, қазір сен солақайлармен жаттығып, спарринг өткізіп жүрсің-ау. 100 пайызға дайын бол. Сені бірінші раундта нокаутқа түсіргім келмейді. Көреремендер Qazaq Style-дан ләззат алсын. Мен сені 7 не 8-раундта сұлатамын. Сені жеңемін және сен оны білесің", - деп жазыпты Жәнібек твиттер желісінде. 

Әлімханұлы орта дивизионда әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық Роб Брантты (26-3, 18 КО) жеңгеннен кейін осындай мәлімдеме жасады.