Пешеварда өткен бокс кешінде орта салмақтағы Шахир Африди (1-0-1, 0 КО) мен дебютант Шахаб Али (0-1) арасындағы жекпе-жек даумен аяқталды.
Екінші раундта көп соққы өткізіп алған Али қарсыласын шалып жығып, ММА әдісі - аммерфист соққысын қолданды.
Осыдан кейін төреші кездесуді бірден тоқтатты. Жеңіс Афридиге беріліп, ал рұқсат етілмеген әдіс қолданған Али шеттелді.