Бокс
16 шілде 09:08

Бірінші раундтағы нокаут. WBC Канеломен жаттығатын қазаққа қатысты шешім шығарды

©instagram.com/nurmaganbet.bek.kazbekuli/

Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет (14-0, 12 KO) Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) жаңартылған рейтингінде өз орнын айтарлықтай жақсартты, деп хабарлайды Vesti.kz.

27 жастағы спортшы бірден төрт саты жоғарылап, 15-орынға көтерілді. Мұндай ілгерлеу оның әсерлі өнерінің заңды жалғасы болды: биыл сәуір айында ол АҚШ-тың Филадельфия қаласында өткен бокс кешінде костарикалық Энкарнасьон Диасты (20-6, 11 KO) бірінші раундта нокаутқа түсірген еді.

Нұрмағанбет 12 шілде Мексиканың Кулиакан қаласында рингке оралуы тиіс болған. Оның қарсыласы ретінде 39 жастағы жергілікті ардагер, "Бүлікші" лақап атымен танымал Хавьер Каррера Тинахеро (15-13, 12 KO) белгіленген еді. Бұл алты раундқа жоспарланған жартылай ауыр салмақтағы бұл кездесу өтпейтін болды. Бұл турасында Бектің өзі әлеуметтік желіде хабарлады. 

Айта кетейік, Бек АҚШ-та Сауль Канело Альварестің (62-2-2, 39 KO) жаттығу лагерінде дайындалып жүр. Канело – екінші орта салмақтағы барлық титулдың иесі. Қазақстандық боксшы абсолют чемпионның залында жаттығып қана қоймай, оған спаррингтерде де көмектесті.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport