Қазақстандық бұрысды боксшы Балауса Мұздиман (8-0, 6 КО) кейінгі айқасындағы жеңістен кейін Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) рейтингінде жоғарылады, деп хабарлайды Vesti.kz.
6 маусым Алматыда All Stars Boxing промоутерлік компаниясы ұйымдастырған бокс кеші өтуі тиіс еді, оған Мұздиман да қатысуы жоспарланған болатын. Алайда ұйымдастырушылар іс-шараның қыркүйек айына шегерілгенін хабарлады. Соған қарамастан, жекпе-жек жергілікті промоутерлердің қолдауы мен бастамасының арқасында өтті.
Оның қарсыласы жеңілмеген мысырлық Айя Рамадан болды. Ол төрт жекпе-жегінің бәрінде жеңген болатын.
Рамадан Балаусамен жекпе-жекте карьерасында алғаш рет жеңілді. Қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді. Осы жеңіс арқасында WBA Мұздиман жеңіл салмақ рейтингінде төртінші сатыға көтерді. Бұл туралы Балаусаның өзі әлеуметтік желі арқылы хабарлады