Бірінші раундтағы нокаут! Махмұт АЧ-де қарсыласын көзін аштырмай сабады
Боксшы Махмұд Сабырхан Чианг Мэйдегі (Тайланд) Азия чемпионатын сәтті бастады. Отандасымыз бірінші кездесуінде тайпейлік Лаи Ян-Линнен айласын асырды, деп хабарлайды msports.kz сайты.
Боксшы Махмұд Сабырхан Чианг Мэйдегі (Тайланд) Азия чемпионатын сәтті бастады. Отандасымыз бірінші кездесуінде тайпейлік Лаи Ян-Линнен айласын асырды, деп хабарлайды msports.kz сайты.
54 келі салмаққа қайта оралған отандасымыз қарсыласын бірінші раундта-ақ үш рет нокдаунға түсірді. Нәтижесінде төреші жекпе-жекті ерте тоқтатты. Техникалық нокаутпен айқын жеңіске жетті.
Бұған дейін Дулат Бекбауов (67 келі), Оразбек Асылқұлов (57 келі), Бейбарыс Жексен (60 келі) және Ұлжан Сәрсенбек (57 келі) алғашқы жекпе-жектерінде жеңіске жетті. Ал Алуа Балқыбекова (50 келі) сырқаттанып, шаршы алаңға шыға алмады.
Жарнама